$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Тіпті адам аяғы баса бермейтін жерді де бояп тастаған», - «Жастар Рухы» ЖҚ

07.11.2023ж. 20:00
943
«Тіпті адам аяғы баса бермейтін жерді де бояп тастаған», - «Жастар Рухы» ЖҚ

«Тіпті адам аяғы баса бермейтін жерді де бояп тастаған». Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғауға қатысты республикалық акция өткізіп жатқан «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері осылай деді. Жиынға белсенділер, сарапшылар, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен студенттер қатысты. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мұның бәрі әрбір жеке тұлғаның тәрбиесі мен мәдениетіне байланысты екенін атап өтті. Бұдан өзге, вандализмге байланысты заңға да өзгерістер қажет деді.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Соңғы кезде осы мына заңның әлсіздігіне байланысты көптеген орындарда мынау металл исткатель деген бар ғой жұмысшылар көптеген жерлерді қопарып бүлдіріп кеткен. Ол тек қана ол жердегі бұйымды алып кетпейді. Сол тұрған нысанның фундаментіне әсер етеді. Ол артынан сосын құлап қалады. Біз егерде ол тарихты сақтап, қорғамасақ. Онда ертең біздің қайдан шыққанымыз. Ата-бабамыздың кім, біздің мемлекетіміздің арғы түпкі тарихын ертең біз басқа арытымыздан келе жатқан ұрпаққа жеткізе алмай қаламыз.