$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Депутат Мұрат Әбенов үкіметтік емес ұйымдардың тендерді ұтып алатынына ашуланды

AstanaTV
08.11.2023ж. 15:22
988
Депутат Мұрат Әбенов үкіметтік емес ұйымдардың тендерді ұтып алатынына ашуланды

Қазақстанда кейбір үкіметтік емес ұйымдардың өңірдегі барлық тендерді ұту талабын заңмен қарау керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Депутат Мұрат Әбенов үкіметтік емес ұйымдардың тендерді ұту талабын қайта қарау қажетін айтты.

"Аида Ғалымқызы, бірнеше жыл бұрын сізбен осы салада тәртіп орнату үшін біраз жұмыс істедік. Бұл заң керек. Құқықты күшейтіп жатырмыз. Жауапкершілікті де қарағанымыз дұрыс. Бірақ сіздің ойыңызды білгім келеді.
Кейбір үкіметтік емес ұйымдар осы саланы бизнес жасап алған сияқты. Бір ұйымдар бар. Олар барлық облыстағы бүкіл тендерді ұтып алады. Онда бес-ақ адам бар. Олар бүкіл Қазақстанда қалай жұмыс істейді? Мен мұны сұрастырдым. Олар басқаларға тендерді береді екен. Өздері ұтып алады, бірақ басқалар субподрядчик болады. Жастар мұны әділетсіз дейді. Әрине, олар ұта береді. Олардың тәжібесі бар. Осында бір өзгеріс жасау керек шығар. Сондай-ақ жариялалық болуға тиіс. Жылдың соңында бір жылда осындай 200 тендер ұтты деп жазса, сонда көріп отыратын едік. Сол арқылы тәртіп орнатамыз", - деді депутат.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл өте өзекті мәселе екенін, ол заң аясында қаралуы мүмкін екенін жеткізді.

"Шынымен бізде әр байқау 2 процедураны қамтиды. Біріншіден, заңға сәйкестігі. Олар жақсы заңгерлерді тартады. Екіншіден, олардың құжаттарына тиісе алмайсың. Егер біз болмайды десек, ертең олар бізді сотқа береді. Өйткені, олар бізді заңсыз байқаудан шығарып жіберді деп мәселе көтеруі мүмкін. Сондықтан біз оларды қабылдап, жұмыс істеуге мәжбүрміз.
Менің ойымша, мен айтқан қоғамдық бақылау осыған да бағытталауы керек. Тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, мемлекеттен берілген қаржының тиімді жұмсалуына бақылау керек сияқты. Жақында азаматтық форумда осы мәселелер жан-жақты қаралды. Осы үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты жаңа заң қабылдайық деген ұсыныстар енгізілді. Сол жұмыстың аясында осы мәселені қарауға болады", - деді министр.