$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылшаға қарсы вакцинаға Үкімет резервінен ақша жұмсалады

10.11.2023ж. 20:00
801
Қызылшаға қарсы вакцинаға Үкімет резервінен ақша жұмсалады

Атырауда қызылша жұқтырғандар азаймай тұр. Әсіресе, 14 жасқа дейінгі балалар жаппай ауыруда. Мамандар 1 жасқа толмаған сәбилерді қоспағанның өзінде, жұқпалы дертке шалдыққандардың жартысынан көбі вакцина алмағандар,- дейді. Облыстық 2 ауруханаға күніне 60 адам қызылшаға күдікті ретінде шағымданса, 20 шақтысы стационарлық емге жатқызылады. Қазір ауруханадағы 100 орын науқасқа лық толы. Эпидемиологтардың айтуынша, бұрын вакцинаға үзілді-кесілді қарсы болғандардың өзі екпе алуға кезекте тұр.

Руслан ҚАЙЫРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ №2 АУРУХАНАСЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
Кейбір науқастар олар өздерінің қызылша инфекциясын қайдан жұқтырғанын білмейді. Сұрау барысында, көп жиналатын орындарда немесе ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану объектілерінде болуына байланысты олар өздері жұқтырып алуы мүмкін. Өйткені қызылша инфекциясының жасырын кезеңі өзге де жедел инсператорлық вирустық инфекцияға ұқсас болып келгендіктен кейбір өңір тұрғындары аталған инфекцияны нақты білмей де қалуы мүмкін.
Үкімет резервінен қызылшаға қарсы 1 млн доза екпе сатып алынады. Бұдан бөлек 500 мың доза сатып алынған. Осы айдың ортасына қарай дәріханаларға жеткізіледі. Бүгінге дейін 1 жасқа толмаған 14 мыңнан астам бала вакцина алған.

Зәуре АХМЕТОВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазан айының аяғында бізде қызылшаға қарсы 370 мың доза вакцина болған. Қосымша иммунизацияға 1,5 млн адам жататынын ескеру қажет. Бұл – жасы 60 айдан аспаған 353,7 мың нәресте, 2-4 жас аралығындағы 944 мың бала. Екпе алатын жасында вакцина алмаған 65,3 балаға екпе жасау керек. Одан бөлек 136,8 мың медицина қызметкері бар. Сондықтан Үкімет резервінің қаражатына тағы 1 млн доза екпе мен шприц сатып алынады.