$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Су ресурстарын сақтау мәселесі «AMANAT» партиясының бақылауында

16.11.2023ж. 20:00
864
Су ресурстарын сақтау мәселесі «AMANAT» партиясының бақылауында

Елімізде 2040 жылға қарай су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Басты себеп халық және экономика өсімі көрінеді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Экологиялық кеңес отырысында айтылды. Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Бауыржан Смағұлов су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасы өте өзекті мәселе деді. Сонымен қатар жиын барысында Кеңес мүшелері Сырдария өзенінің арнасы мен Арал теңізінің солтүстік бөлігін реттеу жоспарын талқылады. Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияздың айтуынша, 2016 жылдан бері Арал теңізіндегі жағдай тұрақтала бастаған. Сондай-ақ Президенттің сайлауалды бағдарламасын және партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар ұсыным әзірленді.

Болат БЕКНИЯЗ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Арал мәселесін біз 60 жыл болды талқылап көтеріп жүрміз. 30 жыл оны сақтап қорғап жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ бір күні нүкте қою керек ғой. Осы Арал мәселесін 10-15 жылдың арасында шешіп тастауға мүмкіншілік бар. Бүкіл инженерлік және идеялар оны жасауға ары қарай тұрақты экологиялық системаға айналдыруға сондай мүмкіншілік бар.