Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ресейде қазақтың тарихи құнды жәдігерлерін елге қайтару мәселесі талқыланды

AstanaTV
18.11.2023ж. 15:46
546
Ресейде қазақтың тарихи құнды жәдігерлерін елге қайтару мәселесі талқыланды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ресейлік әріптесі Ольга Любимовамен кездесіп, Қазақстанға тарихи жәдігерлер мен мәдени құндылықтарды қайтару мәселесін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екіжақты кездесу Санкт-Петербургте өтіп жатқан IX Халықаралық мәдени форум аясында өтті. Санкт-Петербургте өтіп жатқан IX Халықаралық мәдени форумға 30 елдің мәдениет министрлері мен 56 ресми делегациялар басшылары қатысып жатыр. Сонымен қатар аталған кездесуде "Қазақфильмге" қатысты Ресейдің Мемлекеттік кино қорының мұрағаттарын тапсыру тақырыбы да қозғалды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Аида Балаева ұлттың мәдени егемендігінің берік негізі оның тарихи жадысы екенін атап өтті.

"Қазақстан Мемлекет басшысының "Ел бірлігі – оның әралуандығында" қағидатын ұстанады. Біз осы диалог алаңына келген елдердің көбімен тарихымыз ортақ. Біз мұны мақтан тұтамыз. Ғасырлар бойы тығыз байланыста өмір сүру арқылы ұлтымыз мәдениеттің өзіндік ерекшелігін жинақтауға және дамытуға мүмкіндік алды. Министр мәдениет саласының мемлекетаралық диалогты дамытуға, екіжақты қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосатынын тілге тиек етті. Оған Қазақстан мен Ресейдің тату көршілестігі айқын дәлел. Қазақстанның Ресейдегі және Ресейдің Қазақстандағы күндері аясында "Орыс маусымдары", "Абай әлемі" бастамалары арқылы екі ел арасында тығыз мәдени байланыс орнаған",-деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. 
"Ресей Федерациясы ынтымақтастықтың жаңа 2 форматы туралы бастаманы ұсынып отыр. Біз тәуелсіз, ашық Еуразия кинофестивалін, сондай-ақ "Интервидение" музыкалық байқауын ұйымдастыруды ұсындық. Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумы 3 жылдық үзілістен кейін қайта жанданып отыр. Қатысушылар мұндай кездесу мәдениетті дамыту, мәдени бірлікті сақтау мәселелерін талқылауға таптырмас алаң екенін атап өтті", деді РФ Мәдениет министрі Ольга Любимова.