Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Еуро-2024: Дания Словенияны жеңіп, Қазақстанға іріктеу кезеңінен өтуге мүмкіндік сыйлады

AstanaTV
18.11.2023ж. 16:12
635
Еуро-2024: Дания Словенияны жеңіп, Қазақстанға іріктеу кезеңінен өтуге мүмкіндік сыйлады

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының жетінші турында Н тобындағы Дания мен Словения арасында ойын өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанмен бір топтағы Дания мен Словения матчі көпшіліктің қызығушылығын тудырды, себебі, жеңіске жеткен құрама жарыстың финалдық сатысына бір тур бұрын жолдама алатын еді.

Алғашқы минуттан даниялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Соған қарамастан словениялық құраманың қорғанысы сыр бере қойған жоқ. Ойынның 26-минутында даниялық Йоахим Мехле есеп ашса, Эрик Янжа 30-минутта таразы басын теңестірді.

Екінші таймда алаң иелері қайтадан шабуылды күшейтіп, 54-минутта Томас Дилейни Данияны 2:1 есебімен алға шығарды.

Осылайша даниялық футболшылар қарсыласынан басым түсіп, бір тур бұрын Еуропа чемпионатының финалдық сатысына жолдама алды.

Аталған топтағы екінші жолдама тағдыры 20 қарашада Словения мен Қазақстан кездесуінде шешіледі. Сол күні аталған топта Солтүстік Ирландия мен Дания, Сан-Марино мен Финляндия құрамалары кездеседі.