Соңғы уақытта солтүстік өңірлерде, Астанада және Алматыда өтімді АИ 92 маркалі бензиннің тапшылығы байқалды, тиісінше, бағасы өсті. Энергетика министрі Қ.Бозымбаев әдеттегідей, бензиннің 30 пайызын Ресейден таситынымызды айтып, олардың өз ішінде бір мәселелер туындағанын, сөйтіп ресейлік әріптесі Новакпен кездескенін санамалап, «желтоқсанда 100 мың тоннаға дейін бензин алуға келістік» деп, «проблема тереңдемейді» дегенге келтірді. Алайда қарапайым адамдар түсінбейтін екі мәселе бар – біріншісі: мұнайлы ел бола тұра, неге бензин тапшылығы туындайды, екінші: жанар-жағар майдың бағасы мұнай бағасына тәуелді болса, неге бізде тек қымбаттайды? Биліктің Ресейдегі бағаға, олардың ішінде туған проблемаға, тіпті ауа-райының суытуына сілтеме жасайтын «түсіндірмелері» шын мәнінде «біртүрлі» естіледі. Сарапшылардан сұрасақ, кекесінмен күледі.
Сергей Смирнов, экономист:
Для Астаны что, удивительно? Нет! Там часто низкие температуры. Эти ссылки говорит о неумении наших властей организовать модернизацию и обеспечение топливой внутреннего рынка. Әйтсе дағы менің ойымша, билік кінәлі. Мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау эпопеясына келсек, біздің билік оған мүдделі емес екенін көрсетіп отыр. Себебі ол зауыттарды жаңалау жоспары 2009 жылы мамыр айында қабылданған етін. 2015 жылы аяқталуы тиіс болатын. Не болғанын көріп отырмыз, ол жоспарды 2018 жылдың басына жылжытып қойды. Ресей 2011 жылы кіріскен, кідірістер болды, алайды биыл бітірді. Зауыттары Еуро 5 бензинін шығара бастады. Ал бізде негізінен еуро 2, әрі кетсе, еуро 3 шығарылады. Тоқсаныншы жылдары біздің 3 зауыт 18 млн тонна шикізат өңдейтін, былтыр 14,5 млн тонна ғана өңдеген. 1991 жылдан да аз өңдейміз. Себебі зауыттардың қуаты әлсіреген. Тағы мынадай салыстырма – Омбы мұнай өңдеу зауыты 50-жылдары 3 млн тонна шығарса, былтыр 21 млн тонна өнім дайындаған. Және мұнай өнімдерінің 50 ден астам түрін шығарады.
Смирнов мырзаның
айтуынша, Ресейдегі бензин бағасының құрылымы мүлдем басқаша.
Сергей Смирнов, экономист:
Өзіміздің өнім жетпейді, мәселе осында. Былтыр қажетті
бензиннің 65 пайызын ғана өндіргенбіз.
Дизельді отынның 85 пайызын. Жетпегенін Ресейден сатып алуға тура келеді.
Оларда баға жоғарырақ. Себебі баға құрылымы басқаша. Оларда бағадағы 60 пайыз
салықтарға кетеді. 6 пайыз ғана шикі мұнайдың бағасы. Бізде керісінше, бағадағы
60 пайыз мұнай бағасы, 15 пайыз салықтарға кетеді.
Ал біздегі бензин бағасының құрылымы билік мәлімдейтіндей, мұнай бағасына да тәуелді емес.
Сергей Смирнов, экономист:
Мұнай бағасы қандай болсын – өссін немесе төмен
түссін, бізге әсер етпейді. Мысалы, қазір АИ 92 128 - 132 теңге тұрады.
Мұнайдың баррелі 145 болған кезде де біздегі бензиннің бағасы сол шамада
болатын. Мұнай бағасы 2,5 есеге құлады, ал бензин сол күйі – мұнай баррелі 145
кезіндегідей. Яғни билік мәлімдейтіндей, бензин бағасының құрылымы мұнай
бағасына тәуелді емес.