$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТМҰ елдері Қазақстанның шикізаттық емес экспорты өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналып келеді

ТМҰ елдері Қазақстанның шикізаттық емес экспорты өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналып келеді
gov.kz

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен тауар айналымы 12,9 млрд АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,2%-ға өсті. Ал қазақстандық экспорт көлемі 19,9%-ға артып, 9,49 млрд АҚШ долларына жетті. Өсімнің негізгі драйверлері ретінде қосылған құны жоғары өнімдер  бидай, күнбағыс майы, металл өнімдері, кондитерлік тауарлар, дайын азық-түлік және минералды су жеткізілімдері бар.