$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облысының әкімі тұрғындарды сабыр сақтауға үндеді

AstanaTV
19.11.2023ж. 11:51
865
Павлодар облысының әкімі тұрғындарды сабыр сақтауға үндеді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов тұрғындарды сабыр сақтауға үндеді.

Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Желдің қатты екпініне байланысты (20 метр/секундтан астам) мүмкіндігінше көшеге шығудан бас тартуларыңызды сұраймын. Облыс бойынша ғимараттардан шатырлардың ұшып кетіп, электр қуатының өшіп қалды, сондай-ақ ағаштар құлады. Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен коммуналдық қызметтер табиғи апаттың салдарын жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біз барлық жұмысты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргіземіз. Сабыр сақтауларыңызды сұраймын", - деп жазды әкім.