$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан халқының үштен бірі-бала

AstanaTV
20.11.2023ж. 20:00
704
Қазақстан халқының үштен бірі-бала

Мектептегі буллингке қарсы арнайы бағдарлама әзірленеді. Халықаралық зерттеу нәтижесі аясында жасалатын жоба келер жылы пилоттық режимде іске қосылады. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты. Жалпы елімізде 6 миллион 800 мың бала бар. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жетілдіріле түспек. Өңірлерде пихологиялық қолдау орталықтары ашылып жатыр.

Роза Бәженқызы 38 жылдан бері балалар дәрігері. Ол осы уақытқа дейін 100-ден аса баланы ажалдан арашалаған.

Роза ӨТЕГЕНОВА, №3 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдымызға келген балалар үшін жанымызды салып, менің әріптестерім күн демей, түн демей қызмет істейді. Сондықтан мен өз әріптестерімнің жұмысын күнделікті бір ерлікке теңеймін.

Өрт сөндіруші Рустем Мусин жатақханадан шыққан өрттен 13 тұрғынды құтқарып қалған. Олардың арасында балалар да бар.

Рустем МУСИН, ТЖД №17 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ:

Балаларды мерекемен құттықтай отырып, өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамын. Мектептегі оқу-жаттығулардан үйренген өрт қауіпсіздігі ережелерін ата-аналарға да ескертуін сұраймын.

Ал Атбасар қаласының тұрғыны Артем Каблуков былтыр суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалыпты. Оқиға өмір бойы көз алдымда қалды дейді ол.

Артем КУБЛУКОВ, АТБАСАР ҚАЛАСЫ №3 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Жағада көмек сұраған баланың дауысын естідік. Сол уақытта суға батып бара жатқан баланы құтқаруға бел будым. Күнделікті жаттығуларымның арқасында 25 метр жүзіп, баланы жағаға шығардым. Ол сәт ештеңе де ойламадым. Мен өз өмірім үшін емес, суға батып бара жатқан адамның өмірі үшін қорықтым.

Балаларды қорғау мен қолдау- мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Осы уақытқа дейін балаларды қорғау саласында 15 халықаралық құжатқа қол қойылған.

Еділ ОСПАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Балалар құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссия, сондай-ақ 235 осындай аумақтық комиссиялар, 20 мыңнан астам білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы органдар мен ұйымдар айналысады.

Еліміздегі балалардың 3 миллион 800-і-оқушы. Аз қамтылған отбасыдан шыққан 450 мыңнан астам балаға жалпыға бірдей білім беру қорынан материалдық көмек беріледі. Сондай-ақ 2025 жылға қарай мектеп спорт секцияларында балаларды қамту 50 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.