Өзбекстанда
70 мыңға жуық адам ел президентін мерзімінен бұрын таңдады. Бұл туралы "Газета.uz" Орталық
сайлау комиссиясына сілтеме жасап, хабарлады. Президент сайлауы 4-ші
желтоқсанға, яғни осы жексенбі күнге белгіленген болатын. Бірақ 24-ші қараша
мен 2 желтоқсан аралығында мерзімінен бұрын дауыс беруге рұқсат етілді.
Елді басқарудан төрт кандидат дәмелі. Оның бірі - президенттің
қызметін уақытша атқарып жүрген Шавкат Мирзиеев. Сондай-ақ Хатамжон Кетмонов,
Наримон Умаров, Сарвар Отамурадов.
Еске салайық, Өзбекстанды 27 жыл
билеген Ислам Кәрімов 28 тамызда ауруханаға түсіп, 2 қыркүйекте қайтыс болған
еді.