$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде түнгі клубта екі жігітті ұрып өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

21.11.2023ж. 20:00
904
Ақтөбеде түнгі клубта екі жігітті ұрып өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде аты шулы іске нүкте қойылды. Түнгі клубта екі жігітті ұрып өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Бүгін он алты адамға үкім оқылды. Қылмыстық іс 104 томнан тұрды. Айыпталушылардың дені - «Миллиардер» түнгі клубының күзетшілері. Алты адам 4 жылға, тағы алтауы 2 жыл алты айға, тағы біреуі 3 жылға сотталды. Екі адам 15 және он жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Арасындағы ең кішісі-17-дегі жасөспірімге 2 жыл бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол сот залынан жіберілді.

Нұрлан БАҚТЫҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:

Айбат Оразалиевич Мұхамбетжанов ҚР ҚК 293 бабы 2 бөлігі 1 тармағыында көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Мұхамбетжановқа қолданылған ешқайда кетпеу туралы және тиісті міңіз-құлық туралы қолхатта өзгертілсін. Мұхамбетжанов дереу сот залынан қамаудан босатылсын.