Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Астанада таңнан бері 40 жол апаты тіркелді

AstanaTV
22.11.2023ж. 15:29
899
Астанада таңнан бері 40 жол апаты тіркелді

22 қараша күні таңғы уақыттан бері 40 жол-көлік апаты тіркелді. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлім етті.

Департамент ауа райының нашарлауы мен жауын-шашынға байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша мұқият және сақ болуға шақырады.

«Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр ережелерін және бүйірлік аралықты қатаң сақтаңыздар. Көлік жүргізушілері шұғыл маневрлер мен тежеу жасаудан бас тартуы қажет. Сондай-ақ, рульде гаджеттерді пайдаланбаңыздар. Жол ережелерін елемеу, атап айтқанда жылдамдық режимін сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Күндізгі жарық азайғанда қауіп арта түседі. Жаңбырлы ауа-райында көріну шектеулі болатынын еске саламыз», - деп жазды Полиция департаменті Instagram желісінде.

Айта кетейік, жаңбыр, дауылды жел мен көктайғаққа байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды.