Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті

AstanaTV
23.11.2023ж. 11:30
591
Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті

Сенат депутаттары зейнет жасына жеткен Жоғарғы сот судьясы Мейрамбек Таймерденов қызметінен босатты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті ұсынымын оқып берді.

Мейрамбек Таймерденовтің судья лауазымында болуының шекті жасына жетуіне байланысты оны Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілді. Ол 65 жасқа толды.

Мейрамбек Таймерденовтің сот жүйесінде 19 жылдан аса тәжірибесі бар. Оның 4 жылы Жоғарғы сот судьясы қызметінде өтті. Ол судьялар қауымдастығында беделге ие.

Мемлекет басшысының Мейрамбек Шаймерденовті судья лауазымында болуының шекті жасына жетуіне байланысты оны Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз, - деді Денис Шипп.

Сенат депутаттары дауыс беру нәтижесінде қаулыны қабылдады.

Мейрамбек Таймерденов 1958 жылы туған. Еңбек жолын заңгерлік мамандығы бойынша 1983 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық халық сотының сот орындаушысы лауазымынан бастаған.

1993 жылдан 1997 жылға дейін прокуратура органдарында қызмет істеді.

1997 жылы сәуір айында Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.

1999 жылы – Алматы облыстық сотының судьясы.

2001-2005 жылдары – Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің төрағасы.

2006 жылы Жоғарғы соттың жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2007-2012 жылдары – Алматы облыстық сотының төрағасы.

2012 жылдың наурызынан бастап – Алматы қалалық сотының төрағасы.

2013 жылғы желтоқсаннан бастап Алматы облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуірінен бастап Жоғарғы сот судьясы болып сайланды.