Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Анталиядағы турнирде отандасымыз сенсация жасады

AstanaTV
24.11.2023ж. 20:00
605
Анталиядағы турнирде отандасымыз сенсация жасады

Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» Нижнекамск «Нефтехимигімен» ойнады. Ойынның басталуына дейін қазақстандық клуб Шығыс конференциясының соңғылардың бірі болса ал ресейлік клуб тоғызыншы орында еді. Қонақтар есепті бірінші болып ашты, алайда алғашқы сиренадан бұрын Руслан Оспанов оң нәтиже көрсетті. Ойынның екінші бөлігінде Нельсон Пыжье астаналықтарды алға шығарды, алайда қарсыластар есепті теңестіріп үлгерді. Соңғы жиырма минутта командалар тең нәтижемен ойнап жатқан болатын. Бірақ Кирилл Савицкий біздің біздің команданы тағы да алға шығарды, дегенмен қарсыластар естерін тез жиып есепті теңестірді. Ойын овертаймға созылды. Онда ҚХЛ-да қатарынан үш жеңіліс сериясын үзген «Барыс» басым болды. 27 қарашада «Барыс» өз алаңында мәскеулік «Витязьді» қабылдайды.

«БАРЫС» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ҚХЛ-ның тағы бір матчтында «Металлург» «Тракторды» 6:3 есебімен жеңді. Алаң иелерінің шабуылшысы Никита Михайлис ойында алты ұпай жинап, бір шайбаны лақтырып, бес пас берді. Континентальды хоккей лигасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Михайлис өзінің рекордын қайталап, тарихта бір матчта алты ұпай жинаған сегізінші ойыншы болды.

МИХАЙЛИС ҚХЛ-ДАҒЫ ҮЗДІК НӘТИЖЕСІН ҚАЙТАЛАДЫ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирде қос разрядты екінші матч өткізді. Үнді теннисшісі Рутужа Босейлмен жұптасқан спортшы Пуужа Ингале-Сандипти Раоның жергілікті дуэтімен кездесу өткізіп, екі сетте 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесу Үндістан турнирінің ширек финалы кезеңінде өтті. Айта кетейік, жақында өткен Францияның Шербуріндегі турнирде қазақстандық теннисші поляк спортшысы Мартина Кубкамен жұптасып, жарыстың чемпионы атанды.

ҚҰЛАМБАЕВА ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Сондай – ақ, Түркияда өткен ITF сериясының жеке турнирінде қазақстандық теннисші Татьяна Николенко турнирдің екінші ракеткасы жапондық Маука Айкаваны жеңді. Жапон теннисшісі былтыр екі рет ITF жарыстарының жеке разрядтарында жеңіске жетті. Ал отандасымызбен өткен кездесу 6:1 4:6 7:6 есебімен аяқталды.

АНТАЛИЯДАҒЫ ТУРНИРДЕ ОТАНДАСЫМЫЗ СЕНСАЦИЯ ЖАСАДЫ

Мұнымен тенниске қатысты жағымды жаңалықтар бітпейді. Отандасымыз Денис Евсеев Испандық Валенсиядағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол 1/8 финалда испандық Педро Мартинеспен кездесуі керек еді, бірақ ол жарыстан белгісіз себептермен шығып қалды. Осылайша, Денис Евсеев автоматты түрде ширек финалға қатысады.

Турнир барысында Евсеев испан теннисшілері Хавьер Барранко Кассано, Карлос Тавернерді және итальяндық Сальваторе Карузоны жеңді. Валенсиядағы турнирдің жүлде қоры 118 000 еуроны құрайды. Жеңімпаз 16000 еуро және 100 рейтингтік ұпай алады Евсеевтің бағы жанды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Рахат Бралин «Таллин Трофи-2023» күміс жүлдегері атанды. Эстониядағы турнирде екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Рахат 194,8 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Айта кету керек, қысқа бағдарламада Брагин үшінші, ал ерікті бағдарламада екінші болды. Израильдік Лев Винокур алтынды жеңіп алды, ал украиналық Кирилл Марсак қола медаль иегері атанды. Турнирге 19 елден 63 спортшы қатысты.

РАХАТ БРАЛИН КҮМІС ЕНШІЛЕДІ

Манчестер Ситидің шабуылшысы Эрлинг Холанд жаттығуға қайта оралды және ағылшын премьер-лигасының 13-ші турындағы Ливерпульмен матчқа қатысуға дайын. Еске сала кетейік, форвард 16 қарашада Норвегия құрамасы үшін Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуде тобығынан жарақат алған. Осыған байланысты ол Скандинавия құрамасының Шотландияға қарсы Еуро-2024 іріктеу ойынына қатыса алмады. «Манчестер Сити» — «Ливерпуль» ойыны ертең, 25 қарашада өтеді.

ХОЛАНД КЕЛЕСІ ОЙЫНДАРҒА ДАЙЫН

Мадридтік Реал «Галатасарайдың» шабуылшысы Мауро Икардиді жарақат алған Винисиус Джуниордың орнына қарастыруда. Корольдік клуб Икардиге қысқы трансфер уақытында құда түсуі мүмкін. Ол үшін 15 миллион еуро төлеуге де дайын.

Айта кетейік, осы Маусымда 30 жастағы Икарди «Галатасарай» үшін барлық турнирлерде 20 матч өткізіп, 15 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Аргентиналықтың түрік клубымен қазіргі келісімі 2026 жылдың жазына дейін жасалған.

ИКАРДИ «РЕАЛ МАДРИДКЕ» АУЫСУЫ МҮМКІН

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікіболуымүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.