Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодарлық зейнеткер немересінің есірткі шегетініне шағымданды

27.11.2023ж. 20:00
465
Павлодарлық зейнеткер немересінің есірткі шегетініне шағымданды

Павлодарлық зейнеткер немересінің есірткі шегетінін айтып, шағымданды. Айтуынша, ол мүлдем жұмыс істемейді. Одан қалса, ішімдік ішетін көрінеді. Ал қызы араққа әуестенген. Түнде ішіп келіп, қарияның мазасын алатын болған. Рейдке шыққан мәслихат депуаттары мен құзырлы орган өкілдеріне ол отбасындағы мән-жайды айтып көмек сұрады.

Надежда ИВАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Немерем жұмыс істемейді. Есіріткі шегеді. Одан қалса, ішеді. Үйге қонбайды. Ал қызым бар. Ол да ішеді. Жұмыс істегілері келмейді. Менің жалғыз зейнетақымызға күн көріп отырмыз.

Ал екінші бір отбасында екі бала бар. 22 жастағы әйел жақында ғана күйеуінен ажырасыпты. Балаларын әжесінің тәрбиесіне берген. Бұл отбасыны да полиция бақылауға алған. Кәмелетке толмаған балалардың да жағдайын жіті назарда ұстамақ.

Әсем РАХЫМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ:

Біз тексерген 2 отбасының жағдайлары жаман емес. Жұмысқа орналасқан. Біз оларды күн сайын тексеріп отырамыз.

Әлия АСҚАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Біз бүгінгі рейд барысында екі отбасын бақылауға алдық. Олардың жағдайларын бақылайтын боламыз. Бұл отбасыларда балаларға төніп тұрған қауіп жоқ.

Партияның «Қауіпсіз қоғам» науқанына шымкенттік жастар да атсалысуда. «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері полицейлермен бірге рейдке шықты. Үш күнде мегаполисте 2,5 мыңдай құқықбұзушылық анықталған. Қоғамдық орындарда мас боп жүргендер мен түнде бейберекет көше кезген жасөспірімдерге шара көрілді. Ішімдіктің салдарынан отбасының шырқын бұзатындардан да қоңыраулар түскен. 2 азамат 5 тәулікке қамауға алынды.

Аңсар СЕРІКҰЛЫ, ЖАС БЕЛСЕНДІ:

Біздің мақсатымыз – осы Шымкент қаласының барлық жастарын тыныштыққа шақыру. Көп бұзуышылық жасамауға, түнгі 22:00 ден кейін аулаға шықпауға, көптеген ойын-сауық жерлерде ойнамауға, кафе-ресторандарда өзінің қарамағындағы әке-шешесі немесе ата-апасы болмаса шықпауға шақырамыз.