Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының басшысын қабылдады

27.11.2023ж. 20:00
640
Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады. Олар компанияның көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен ADP арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» мен ADP арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.