«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келетінін бұған дейін жазған болатынбыз.
Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы бұл сапардың мәні мен маңызы туралы айтты.
Kazinform тілшісі Того Республикасының тарихына, президентіне қатысты ғаламтордағы деректерге көз жүгірткен еді.