Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Әкімдіктер жолдың сапасына сараптама жасай алмай отыр", - Үкімет басшысы

28.11.2023ж. 20:00
475
"Әкімдіктер жолдың сапасына сараптама жасай алмай отыр", -  Үкімет басшысы

Елімізде жол сапасы сын көтермейді. Жыл басынан бері 19 мың шағым түскен. Бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Тіпті жергілікті әкімдіктер сапаға сараптама жасамайды. Үкімет басшысы осылай деді.

Биыл республика бойынша 10 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Оған бюджеттен қыруар қаражат бөлінді. Алайда, 856 шақырым жолдың ғана жұмыс толық аяқталған. 3600 шақырымы әлі бітпеген.

Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:
Биыл 16 ірі жоба іске асырылып жатыр. Оның үшеуінде жұмыстар толығымен аяқталды, олар – Үлкен Алматы айналма жолы, Қандағаш-Мақат және Үшарал-Достық жолдары. Биыл халықтың шағымын ескере оытрып, барлық күш 4-5 жыл бұрын басталып, құрылысы ұзаққа созылған 6 негізгі жобаны жүзеге асыруға бағытталған.
4 мың шақырымнан астам жергілікті жолдар жөнделуде. Оған жұмсалып жатқан қаржының 80 пайызы республикалық бюджетке тиесілі. Аймақтардың үлесі өте аз.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Әкімдіктер жергілікті жолдардың сапасына сараптама жасау жұмыстарын да дұрыс жүргізе алмай отыр. Кейбір өңірлер құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау тарапынан бақылаусыз жүргізеді
Ақылы жолдар 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай 11 мың шақырымға артады. Тарифі жыл сайын өсуде. Бірақ сапасына көпшіліктің көңілі толмайды.

Нұржан ЖҰҚАБЕТОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Біз жұмыс істеп жатырмыз. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Бізде тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығы бар. Бүгінгі таңда 370 мың өтініш қаралды.
Жауапты ведомствоның айтуынша, жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге керек. Республикалық бюджетке салмақ салмас үшін келесі жылы қосымша 1 200 шақырымға ақылы жүйе енгізу жоспарлануда.