Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Үндістанда жарты ай бойы туннель астында қалған 41 жұмысшы құтқарылды

AstanaTV
29.11.2023ж. 12:39
653
Үндістанда жарты ай бойы туннель астында қалған 41 жұмысшы құтқарылды

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында 17 күн бойы құлаған туннельде қалып қойған 41 жұмысшы түгелдей құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы NDTV телеарнасы құтқару қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Тау ішінде салынып жатқан туннель астында қалған жұмысшылар 17 күндік қамаудан босатылған соң жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди құтқару тобы мен жұмысшылардың өздерін құттықтады. Үндістан үкіметінің басшысы құтқару операциясын о бастан өз бақылауына алған.

Еске салайық, Уттаракхандта салынып жатқан туннель 12 қарашада опырылып, ішінде 41 адам қалып қойған. Төтенше жағдай болған жерде таудан бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, тау жынысы опырылған жерге құбыр тартылды. Содан кейін үйінділер қолмен шығарылды.