Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қарағандыда жолаушыға толы екі автобус соқтығысты

AstanaTV
29.11.2023ж. 14:03
777
Қарағандыда жолаушыға толы екі автобус соқтығысты

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, соның салдарынан жолаушылар зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Карл Маркс көшесінде болған. №56 және №44 автобустар соқтығысып, соның салдарынан жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді.

«Олардың барлығы әртүрлі жерінен көгерген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы екі жолаушыға көмек қажет емес», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.