$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақтөбеде бастауыш партия ұйымдарының жиыны өтті

29.11.2023ж. 20:00
761
Ақтөбеде бастауыш партия ұйымдарының жиыны өтті

Ақтөбеде «AMANAT» партиясы Бастауыш партия ұйымдарының жиыны өтті. Партияластар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларды айқындады. Өңірде 185 бастауыш партия ұйымы бар, оған 32 мыңға жуық адам мүше. Аймақта партиялық жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. 2023-2027 жылдарға жол картасымен жоспарланған 135 жобаның 18 іске қосылды. Үш зауыт, сегіз спорт кешені, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары пайдалануға берілді. «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша 7,6 млрд теңгеге өңірде 1659 жоба жүзеге асты. «Қарызсыз қоғам» жобасы негізінде 8 мың адам оқытылды. «Ардагерлерді ардақтайық!», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобаларының да нақты нәтижесі бар.

Индира ӘМИТЖАНОВА, «БІЛІМ ОРДАСЫ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасын алатын болсақ, жақыннан бері Ақтөбе қаласы Алматы, Астана аудандарында ардагерлер кеңесі ашылды. Бізде сол кеңеспен тікелей жұмыс жасап жатырмыз, тікелей байланыстамыз. Іс шаралар, кездесулар, дөңгелек үстелдер сонымен қатар қарттарға көмектесу мақсатында сеңбіліктер т.б шаралар біздер ұйымдастырудамыз.