«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты халықаралық «Astana Hub» IT-стартаптар технопаркімен бірлесіп «AMANAT TECH» республикалық хакатон ұйымдастырды. Оған 16-35 жас аралығындағы 80-нен астам адам қатысты. Іс-шара «Есірткіге жол жоқ!» жобасы аясында нашақорлықпен және есірткі заттарының таралуымен күресудің инновациялық шешімдерін әзірлеп, жүзеге асыруға бағытталды.
Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Мемлекет басшысының жолдауы біз 27-жылы IT-дегі біздің табысымыз 1 миллиард долларға жету керектігін. Біз IT мемлекетке айналу керектігі туралы айтылды. Енді біз оны қалай іске асырамыз? Оның барлығы жастар, осы сіздер мен біздерге қатты әсер ету керек. Өйткені, бұл елде ары қарай қалатын да, бұл елде ары қарай өмір сүретін де, және бұл елде ары қарай жұмыс жасайтын да сіздер мен біздер. Барлық өзгерістер жастардың күшімен жасалады.
Қатысушылар бірқатар интеллектуалды IT-шешім әзірледі. Желіде есірткінің таралуы туралы ақпаратты автоматты түрде қадағалауға арналған мамандандырылған бағдарламалар жасап шықты. III орынды және 800 мың теңгенің сертификатын «Shalkyma» командасы, II орынды және 1 млн теңгенің сертификатын «AntiTox» командасы жеңіп алды. Ал I орынды «Futurista» командасы иеленіп, оған 1,4 млн теңге көлемінде жүлде табысталды.
Ұлжан ХАМИДОЛЛА, «FUTURISTA» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әзірге біз оны Play Market-ке жүктеген жоқпыз. Бірақ біз барлық, яғни, приложениенің өзін дайындап қойдық. Біз болашақта, әрине, оны Play Market-ке және басқа да маркет плейстерге жүктейміз. Біздің мақсатымыз біздің негізгі аудиториямыздан бастасақ, ол 17-35 жас аралығындағы бұрында есірткі заттарымен айналысқан адамдар.