$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Адам басына 60 мың теңге". Шетелдіктер хостелден шыққан өрт туралы айтты

AstanaTV
30.11.2023ж. 11:13
1196
"Адам басына 60 мың теңге". Шетелдіктер хостелден шыққан өрт туралы айтты

Алматыдағы өрт шыққан хостелде шетелдіктер тұрған. Шетелден келген студенттер Massaget.kz тілшісіне оқиға туралы айтып берді. 

Ахмед Абдулуахед Ахмед Абдо мен Ахмед Фаиз Ахмед әл-Гобай - Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенттері. Олар биыл Йеменнен келген. 

"Біз Йеменнен келдік. Қазір Қазақ ұлттық университетінде медицина факультетінде оқимыз. Хостелде 1-қабатта тұрдық. Таңғы 5-те шу басталды. Түтін көтерілді, адамдар айқайлап, шулап жатты. Терезелер ашылмады, біз күртемізді алып сыртқа шықтық. Көп адам қаза тапты. Біздің досымыз матрацтың кесірінен дейді. Бізге ыңғайлы болған, өйткені хостелде таза болатын. Бір адамға 60 мың теңге төлейтінбіз", - дейді олар. 

Ал 22 жастағы Йемен азаматы Фоаз Хейдера бұл хостелде тұрмайды, алайда мұнда басқа достары тұрып жатқан. Ол бүгін досы хабарласып, өрт шыққанын айтты. 

"Мен бұл жерге кеше кешкі 11-де келдім. Йемен азаматтары, студенттер, бұл жерге 3 күн бұрын келді. Келгенде газдың иісі байқалмады. Таңғы 6-те досым хабарласып, жағдайды айтты. Кейін досымды полиция алып кеткенін білдім, қазір оның жағдайы жақсы", - дейді ол.