$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда құрылыс алаңындағы кран құлап, бір адам мерт болды

30.11.2023ж. 20:30
1115
Қостанайда құрылыс алаңындағы кран құлап, бір адам мерт болды

Қостанайда құрылыс алаңында кран құлап,бір адам мерт болды. Екі көлікке зақым келді. Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үй құрылысы мамыр айында басталған. Ал кранды үш апта бұрын құрған көрінеді.Оқиға орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция 49 жастағы краншының мерт болғанын растады.

Дәурен ЕСҚАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ «СОЛТҮСТІК» БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігіне сәйкес "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша адам өліміне әкеп соққан сотқа дейінгі тергеу басталды.Кранның құлау себебі анықталып жатыр.

Мадина Жаппасованың көлігі құлаған кранның астында қалған. Енді ол құрылыс компаниясынан көлік құнын өндіріп алмақ. Онан бөлек тағы бір тұрғынның темір тұлпарына зақым келген.

Мадина ЖАППАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Кешегі жаңбырдан кейін, көлігімнің есігі ашылмай қойды.Құдай сақтаған шығар шығар. Багажниктен заттарымды алып, кете берген кезде кран құлады.Көз алдымда көлігім жапырылып қалды.