$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Барлық өңірде әйелдер полиция бөлімшесі ашылады

04.12.2023ж. 20:00
880
Барлық өңірде әйелдер полиция бөлімшесі ашылады

Жақында елдің барлық өңірінде әйелдер полиция бөлімшесі ашылады. Бұл зорлық-зомбылыққа ұшырайтын қыз-келіншектердің санын азайту үшін қолға алынды. Енді отбасындағы жанжалдан зардап шеккендер осы мамандарға барып, көмек сұрай алады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясында осылай деді. Ерлан Қошанов нәзік жандылар бір-бірінін жанын жақсы түсінетініне тоқталып, мұндай қызметтің маңыздылығын жеткізді. Республика бойынша жедел-тергеу тобында 280 әйел тергеуші жұмыс істейді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президенттің бастамасымен биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейді. Біз өтініш беру тәртібінен анықтау тәртібіне көштік. Оның салдарымен ғана емес,себебімен күресіп, алдын-алуымыз керек. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық вандализмнің кез-келген көріністеріне қарсы тұру – маңызды.