Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда немересі бар әйел тәнін саудалап жүр

04.12.2023ж. 20:00
737
Атырауда немересі бар әйел тәнін саудалап жүр

18 жыл бойы іздеуде жүрген Түркістан облысының тұрғыны Атыраудан табылды. Ол 16 жасында ата-анасымен ренжісіп, үйінен кеткен соң түрлі жұмыс істеп, соңында жеңіл жүріске көшкен көрінеді. Сондай-ақ, немересі бар әйел жезөкшелікпен айналысып жүр. 49 жастағы келіншек ұл-қызынан бөлек үй жалдап интимдік сипаттағы қызмет көрсеткен. Аймақтағы ауқымды шара кезінде атыраулық тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы полицейлермен бірге рейдке шығып, түнгі көбелектердің тірлігін көрді.

Жүзін жасырып, бетін бүркемелеген бұл атыраулық әйел - келін түсіріп, немере сүйген әже. Сайтқа жарнама беріп, тәнін саудалап жүр.
Жеке кәсіппен айналыстым. Жұмыс көп, табысым нашар. Күніне 2-3 адам. Есептемеймін, айына 300-400 мың табатын шығармын. Бала келінім бөлек тұрады.

31 жастағы үш баланың анасы да – атыраулық. Басқалаларға қарағанда бетін жауып, қысылып-қымтырылмады. Жеңіл жүріске түскеніне 8 жылдан асқан. Тапқан таянғаныма тамақ аламын,- дейді .

Бұл жұмысқа адам келем деп келмеді ғой. Ақшам жетпейді. 3 балам бар менің. 5-6 мың, 10 мың, ең көп беретіні 12 мың, 13 мың. Сайтта да жазылып тұр. Ең арзаны мен болармын. Былай жұмыстамын, сатушымын қарапайым.

Ал мына шашы иықтан түскен бұраң бел қыз емес, еркек. Алматылық трансвестит жезөкшелікпен қомақты қаржы табу үшін өткен аптада Атырауға арнайы келген. Ақша жинап, жынысын өзгертуге ота жасайтын жоспарын да жасырмады.

Түнгі сағат 10. Атыраудағы элиталық ауданындағы жеке коттедж жарнамасы көзге түсті. Сағатына 30 мың теңге. Еркектерге массаж бен стриптиз ұсынған.

23-25 жас аралығындағы 5 қыз камерадан жүзін жасырғанымен, «әкімшімін» деп таныстырған бойжеткен полицейлерден қысыла қойған жоқ. Массажбен айналысатын айтты. Алайда интимдік қызмет ұсынған сайтқа неге жарнама бергенін айтпады. Танысы әлде қожайыны ма «Мұхтар» есімді азаматқа күтпеген қонақтар туралы хабар беріп, полицейлерге ілесті. Мұнан соң рейд саунада жалғасты. Тапсырыс берген жеңіл жүрісті қыздардың полицияға ұсталғанын ести сала, суға түспей, қаша жөнелгендерді де көз көрді.

Әлібек АСЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
«Стоп тарфикте» ҚР ҚК 309 бабы бойынша 1 факт анықталды. Қазір ол бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Одан бөлек ҚР ҚК 134 бабына сәйкес, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға итермелеу, ол бойынша Атырау облысының есепке алу кітабына ақпарат тіркеліп, қазір Шымкент қаласына жолданды. +Өзінің айтуынша танысы дос баласы алдап- арбап, жезөкшелікке тартқан. 2021 жылы ол кезде қыз бала кәмелет жасқа толмаған болғаны үшін анықталып, Шымкентке жолданды.
Айналдырған бірер сағатта кабинет түнгі қызмет көрсетушілерге лық толды. Қыздардың саусақ іздері алынды, фотоға түсіріп, тіркеуге қойды. Ал Құлсары қаласынан анықталған 18 жыл бойы іздеуде жүрген қыз баланың туыстарына хабар берілді.