Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтының базасы екі ұшақпен толықты. Заманауи ұшақтар Чехия елінен әкелінген. Әуе кемелері адам және жүк тасымалына арналған. Бір ерекшелігі кез-келген ауа райында ұшып, 1200 шақырымға дейін еңсере алады. Бұл Президенттің «Армияны заманауи жоғары технологиялық техника үлгілермен қамтамасыз ету туралы» Жолдауда берген тапсырмасы аясында жүзеге асуда.
Ақтөбе әскери институтының авиапаркінде бұған дейін МИ-8 сегіз тікұшақ және төрт ұшақ болды, енді олардың қатарына L-410 ұшағы қосылды. Оның ерекшелігі, кез келген ауа райында әуеге көтеріліп ұша алады, сонымен қатар ұшақ қону үшінде аса жер талғамайды. Ұшақ негізінен адам және жүк тасымалдауға арналған.
Ержан НІЛДІБАЕВ, ҚР ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІ БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Данные самолеты предназначены для перевозки... Бұл ұшақтар 19 жолаушыны тасымалдауға, десанттар мен парашютистерді тасымалдауға негізделген. Сондай-ақ бір мың келіге дейінгі жеңіл жүкті тасымалдауға болады. Жылдамдығы сағатына 400 шақырым болса, толық бактермен 1200 шақырымға дейін ұшуға мүмкіндігі бар.
Курсанттар бұл ұшақтарды ұзақ күткендерін айтады. Өйткені бұған дейін Әскери институттың курсанттары әуе кемелерінде ұшуды үйрену үшін басқа қалаларда тәжірибеден өтетін. Енді білім ордасының өзінде жаз айынан бастап жаңа ұшақтарда меңгермек.
Жақсылық ДОСЖАН, Т. БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ КУРСАНТЫ:
Өзім негізі бала күнімнен ұшқыш болуды армандадым. Енді L-410 самолетін меңгеретін боламыз. Бізге көптеген жауапкершілік келіп тұр. Біз сабағымызды оқып, өзіміздің дәрежемізді көрсететін боламыз.
Бұл L-410 ұшағының біреуінің құны- 7 миллион доллар. Елімізде мұндай төрт қана ұшақ бар. Алдағы уақытта Ақтөбе әскери институтына тағы осындай 4 ұшақ сатып алу жоспарда бар.