Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Кино билеті бір жылда 14 пайызға қымбаттады

05.12.2023ж. 20:00
456
Кино билеті бір жылда 14 пайызға қымбаттады

Кино көретін көрерменнің қарасы күрт көбейді. Кинотеатрлардағы аншлаг сөзіміздің дәлелі. Сұраныс артқасын ба, билет бағасы қымбаттапты. Фильм тамашалауға қанша қаржы жұмсап жүрміз. Толығырақ "Экономика"топтамасында.

Елімізде кино билеті бір жылда 14 пайызға қымбаттады. Орташа бағасы 2033 теңге. Осылайша, Қазақстан билет құнының арзандығы бойынша әлемде 31-ші орында тұр. Баға Шығыс Қазақстан облысында 43 процентке күрт көтерілген. Қызылордада 29, Абай облысында 25 пайызға өсті. Жыл басынан бері көрермен шамамен 25 млрд теңгесін жұмсаған.

Қант қат болып, жаға жыртысқан кезді ұмытқан жоқпыз. Барлығы тапшылықтан туындаған еді. Соған қарамастан биыл құмшекер 30 пайызға аз өндіріліпті. Өткен жылғы жағдай қайталанбай ма? Мамандар биыл 204 мың тонна шикі құрақ немесе қызылша қанты өндірілгенін айтат. Өндіріс көлемінің азаюын импорт үлесінің артуымен байланыстырады. Қаңтардан бері 223 мың тоннасы шеттен келген. Өзіміз 381 мың тоннасын өндіріппіз.

Елімізде көлік көбейді. Тиісінше жол апаты да жиі болады. Оған көз үйренгендей. Жүргізушілер бірден шығынды өтеу үшін сақтандыру компанияларына жүгінеді. Себебі көліктің барлығы сақтандыруға міндеттелген.

Апат айтып келмейді. Сондықтан сақтануды жөн көретіндер көбейіп келеді. Өткен жылмен салыстырғанда 34 пайызға артқан. Қалтаңызда қаражатыңыз болса, өміріңізді, мүлікіңізді де сақтандыра аласыз. Тіпті шоттағы депозитті, бағалы қағазды, несиені, ипотеканы да сақтандыруға болады. Егер ойламаған жерден қайтыс болып кетсе, мұрагерлері қиналмайды. Шығынды компания өтейді.

Жалпы биыл жеке және заңды тұлғалар мен сақтандыру компаниялары арасында 14 мыңға жуық шарт жасалған. Сақтандыру компаниялары жыл басынан бері 196 млрд теңге пайда тапқан.