Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Елімізде "Слово пацана" сериалына тыйым салынуы мүмкін", - министр

05.12.2023ж. 20:00
516
"Елімізде "Слово пацана" сериалына тыйым салынуы мүмкін", - министр

Елімізде "Слово пацана" сериалына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Ресейлік сериал 1980 жылдардағы жастар арасындағы қылмыстық топтар туралы. Соңғы уақытта бұл қоғамда қызу талқылануда.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Мерзімінен бұрын қорытынды жасағымыз келмейді. Біздің министрлік ақпарат министрлігінен бірнеше сарапшыны бұл мәселеге тартты. Қажет болса, кейбір шешімдер қабылдануы мүмкін. Қазір қандай да дүрбелеңді көріп отырғанымыз жоқ.

Ресейлік сериал жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етуі мүмкін. Туынды да зорлық-зомбылыққа қатысты оқиғалар бар көрінеді. Оны көрген оқушының да ойы бұзылары анық.

Ғани БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Менің білуімше, осы туындыны жарыққа шығарған елдің өзі де бұл мәселені қарап жатыр. Сондықтан, біз де мектепке зорлық-зомбылықты насихаттайтын туындыларға жол бермейміз. Мұндай дүниелер елімізде болмауы керек.