Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

05.12.2023ж. 20:00
639
Мемлекет басшысы Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерді мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысы өзгеге қол ұшын созатын жандарды құрметтейтінін айтып, алғыс білдірді. Олардың қызметін отаншылдықтың көрінісіне балап, мемлекет волонтерларды қолдайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі.