Астананың
Жастар театрында - жаңа қойылым. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында
жазушы драматург Әбіш Кекілбаевтың
"Нартәуекел" драмасының премьерасы өтті. Елордалық өнерсүйер қауымға
бұл қойылым 2 күн қатарынан ұсынылды.
Туындыны тамашалауға келушілердің қарасы
қалың. Халықтық дастанды сахналаған режиссер - Нұрқанат Жақыпбай. Шығармамен
жұмыс істеу күрделі болды. Себебі бұл қатардағы қойылым емес, қаһармандыққа
арналған ерекше туынды, - дейді
режиссер.
Нұрқанат
Жақыпбай, режиссер, Жастар театрының көркемдік жетекшісі:
Астарлы,
көпмағыналы сөздер көп және ақ өлеңмен жазылған. Жастар театры болғандықтан,
басқа елге еліктемей өзіміздің жастарға арнап солардың тілінде сөйлетуге
тырыстық.
Шыңғыс
Жақыпбай, Жастар театрының актері:
Абылай ханды ойнау деген маған өз басыма өте
қиын. Өйткені сондай режиссердің сенімі. Соны ақтап шығу деген басымда ой
болды.
Айбек ҚОСАН