Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жамбыл облысының тұрғындары көлдің суын ішіп отыр

06.12.2023ж. 20:00
649
Жамбыл облысының тұрғындары көлдің суын ішіп отыр

Жамбыл облысының бес ауылы әлі күнге көлдің суын тұтынып отыр. Тұрғындар оның өзі арман болып қалмай ма деп алаңдаулы. Себебі көл тартылып, тіршілік нәрін тұщытатын құрылғылар жағаға шығып қалған. Шалғай ауылдарға тілшіміз барды.

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылы әлі күнге дейін ауыз судың зардабын тартып келеді. Олар осыған дейін мына Балқаш көлінің суын ішіп келген. Енді ол суға да жете алмайын деп тұр. Себебі, Балқаш көлі тартылып, су сору құрылғыларының құбырлары жағада қалып кеткен. Енді тұрғындарды ауыз сумен қамту үшін тағыда бюджеттен 300 млн теңгеден астам қаржы қаралып отыр.

Мойнқұм ауданы Жамбыл облысы жер көлемінің жартысына жуығын алып жатыр. Яғни, 43 пайызын. Бес ауыл көлдің суын тұндырып ішіп отыр.

Сажида МАРАТҚЫЗЫ, ШЫҒАНАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балықтың дәмі шығады, кейбір кезде. Адам да шомылады. Арғы жағына барып аламыз. Жел болған күні оны тұндыру да қиын. Лай боп кетеді. Лай болса да аламыз енді, тұндырып ішеміз ғой!

Раушан РАХИМОВА, ШЫҒАНАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Биыл жазда ауыл ауыз сусыз отырдық. 1 айға жуық бойы кәдімгі құрғақшылық, тамшы су болмады.

Дәл осы 5 ауылға ауыз су тартуға 2014 жылы 2 млрд қаржы жұмсалыпты. Биыл тағы 312 млн теңгеге көл суын, ауыз суға айналдыратын мембрана орнатпақ. Оның өзінде тұрғындар тәтті судың дәмін көктемде бірақ татпақ.

Сәбит ТӨЛЕГЕНОВ, МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Су биыл тартылды. Қазір ол жерде Шығанаққа темір жолмен су беріп тұрмыз. Біз қазір дамбыны жасадықта құбырды тарттық тойст су келіп тұр Шығанаққа. Біз енді соны сүзгіден өткізуіміз керек. Үлкен отстойник жасайды оның бер жағына одан кейін мембрана қондырғыдан өтіп, ауылға сол кезде ғана тәтті су барады. 100 пайыз есептеп отырмыз көктемде ауыз су Құдай қаласа толық беріледі деп.

Ауыл түгілі ауданда да ауыз су басты мәселе. Мемлекеттен бөлінген қомақты қаражаттар құмға сіңген судай жоқ болып кетіп жатыр дейді жұрт.