Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі Республикалық кеңес отырысында автомобиль жолдарын салу мәселелері қаралды

07.12.2023ж. 20:00
588
«AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі Республикалық кеңес  отырысында автомобиль жолдарын салу мәселелері қаралды

Автокөлік жолдарының сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. «AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі Республикалық кеңес отырысында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында бұл мәселенің стратегиялық маңыздылығын ерекше екенін атап өтті. Партия осы саладағы проблемаларды өз бақылауына алған. Негізгі мәселелерді шешу үшін уәкілетті орталық пен жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары күшейтілмек.

Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біз жылына орта есеппен 1 мың ғана шақырым саламыз. Бұл "неге 1 мың шақырым саламыз?" деген сұрақ туындайды. Бізде битум өзімізде бар, шебен, дресба деген бар, иннертті материалдар бар. Біз жылына 2000-3000 шақырым жол салуымыз керек. Сонда ғана біздің транспортты потенциялымыз көтеріліп, үлкен хаб болатын Қазақстанның сондай бір үлкен маңызды да сұрақтар шеше алатын жағдайымыз бар.