Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астанадағы мейрамханаларда ескірткіге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

07.12.2023ж. 20:00
494
Астанадағы мейрамханаларда ескірткіге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

"Есірткіге жол жоқ!". Осындай атаумен Астанадаға мейрамханаларда түнгі рейд жүргізілді. Онда әкімдік, полиция қызметкерлері мен волонтерлар түсіндірме қағаздарын тартты.

Бас қаланың түні де қарбалас. Көңіл көтеріп жүрген жас көп. Мейрамханалар мен кафелерде ығы-жығы адам. Рейдтік шара адамдар көп келетін сауық орындарында ұйымдастырылды. Есірткіге тосқауыл қою, оның таралуын болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізді.

Әлия ҒИБАТҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЕСКІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Қазіргі таңда Астана қаласында қала әкімдігімен бірлесіп полиция департаментімен қол қойылған Астана есірткісіз қала 2023-2025 жылдарға араналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы іс-шара аясында бірлесіп осындай түнгі клубтар және көңіл көтеру ойын сауық орталықтарында мына буклеттерді тарату бойынша іс-шара атқарудамыз.

Нашақорлық-адамзаттың қас жауы. Бұл мәселе қазір қатты алаңдатып тұр. Еріктілер мен тәртіп сақшылары жамандықтың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары мен ақпараттық буклеттер таратты.

Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ, ЕРІКТІ:

Бүгін есірткіге қарсы акция өтіп жатыр. Біз жиі шығып тұрамыз. Жалпы есірткіден бөлек вандализмге қатысты да түсіндірме жұмыстарын жиі жүргіземіз. Бұл біз үшін маңызды.

Бүгінде есірткіге тәуелді азаматтар саны азаймай тұр. Оның дені- жастар. Бұған ғаламтордағы ақпараттың ашықтығы, топтық психология, еліктеушіліктің ықпалы орасан дейді мамандар.

Олжас ТӨЛЕГЕН, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Жаопы осы күндегі мәселе мемлекетіміздің ең жоғары деңгейінде Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында жиі талқыланады. Министрлік тарапынан телеграм және OLX платформаларында есірткіге қарсы қатысты контентті бұғаттау тұрақты түрде жүргізіледі.

Шараның басты мақсаты- диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту.