Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматы облысында жыл соңына дейін 5 мектеп пайдалануға беріледі

08.12.2023ж. 20:00
449
Алматы облысында жыл соңына дейін 5 мектеп пайдалануға беріледі

Алматы облысында жыл соңына дейін бес жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев "AMANAT" партиясынан мәслихат депутаттарының бірінші форумында мәлімдеді. Білім ордалары Кербұлақ, Талғар және Қарасай аудандарында бой көтереді. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 50-ден астам білім ордасы салынады. Бұл үш ауысымды оқыту мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік бермек.

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Білім беру және денсаулық мақтау және болашаққа инвестиция бағытында биыл 14.4 мың орынға арналған 10 мектеп тапсырылды, бесеуі жыл аяғына дейін беріледі. Келер жылы біздің 3 ауысымды 52 мектеп 39-ға дейін азаяды.

Басқосуда мәслихат депутаттары өзекті мәселелерді талқыға салды. Әсіресе жол жөндеу, ауыл шаруашылығының әлеуеті, қолжетімді медицина, кәсіпкерлік және туризмді дамыту маңызды. Жұмыстардың орындалуын "AMANAT" партиясының мүшелері бақылайды.

Қуат БАЙҒОДЖАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

27 адамның сұрағы қойылды өздеріңіз көріп отырсыздар оның бәрі біздің сайлау алды бағдарламасында көзделген мәселелер. Оны біз күнделікті өзіміздің бақылауда ұстаймыз. Ертең мұның жауапкершілігі жоғары болады деп ойлаймыз енді жауапкершілігі іске асады, өйткені біз халыққа уәде бердік. Сондықтан болашақты мұны қатаң бақылауда ұстаймыз.