Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Қазақстанда ең көп жалақы алатын мамандықтар белгілі болды

AstanaTV
08.12.2023ж. 23:24
994
Қазақстанда ең көп жалақы алатын мамандықтар белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайға талдау жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, қараша айында электрондық еңбек биржасында 109 мың бос жұмыс орны мен 77 мың түйіндеме орналастырылған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бос жұмыс орындарының саны 44 пайызға азайған. Бұл жылыту маусымына дайындық жұмыстарының аяқталуына байланысты.

Туристік маусымның аяқталуына байланысты туризм саласында да сұраныстың айтарлықтай төмендеуі байқалады, 51 пайызға азайған. Ал маркетинг және БАҚ саласында айтарлықтай өсім байқалды, бұл салаларда бос жұмыс орындарының саны 144 пайызға өскен.

"Қарашадағы бос жұмыс орындарының санының қысқару үрдісі республиканың басым бөлігінде, әсіресе Батыс Қазақстан (49 пайызға азайған), Қызылорда (40 пайызға азайған) және Атырау (37 пайызға азайған) облыстарында байқалды", – делінген еңбек министрлігінің хабарламасында.

Қазақстанда тазалықшылар, тәрбиешілердің көмекшілері, сонымен қатар тәрбиешілер жетіспейді. Ал мамандар арасындағы ең үлкен бәсекелестік дене шынықтыру және спорт мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері мен заңгерлер арасында.

Қараша айында жұмыс берушілер тау-кен өнеркәсібіндегі ауысым жетекшілеріне (орта есеппен 758 мың теңгеден), тауар сарапшыларына (750 мың теңгеден) және тау-кен өнеркәсібіндегі учаске басшыларына (737 мың теңгеден) ең жоғары жалақы ұсынған.

Бұл ретте жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылымдық бөлімшелерінің директорлары (орта есеппен 1,6 млн. теңгеден), азаматтық авиация ұшқыштары мен бас геологтар – 1,5 млн теңгеден жоғары жалақы сұраған.