Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Көліктерге мұз қатып, аулалар суға батты: Щучинскте жарты қала суда тұр

AstanaTV
09.12.2023ж. 08:40
664
Көліктерге мұз қатып, аулалар суға батты: Щучинскте жарты қала суда тұр

Щучинск қаласында тұрғындар аулаларының суға толып, көшелерде көліктер суға толы шұңқырларға қатып жатқанын айтып шырылдағанына айдан астам уақыт өткен.  Бірақ жергілікті әкімдік пен құзырлы органдардан еш әрекет болмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, қаланың ондаған көшелерінің суға толып, жертөлелердің суға кеткенін хабарлағанбыз. Қатты аяздан көше бойларында сарылдай аққан су қатып көшелер түгелдей "мұз айдынына" айналған. Құдықтардан толассыз аққан су көшелермен қоса ондаған үйлердің аулалары суға кеткен. Қазір жертөлелермен қоса аулаларды суға кете бастаған. Көшелердегі судан көліктер де жүре алмайтын болған.

"Дәл қазір су тізеден келіп тұр. Көшелерде көліктер мұз болып қатып жатыр. Мәселен біз тұратын Думан (бұрынғы Снежная) көшесінде жолдан көлік те, жаяу адам да жүре алмайды. Менің таңертең қойған көлігім мұзға қатып қалды. Алып шығу мүмкін болмай тұр. Қала және аудан әкімдігіне, "Бурабай Су Арнасы" коммуналдық кәсіпорнына да шағымдандық. Күн сайын әлеуметтік желілерде де талай видеолар шығып жатыр. Бірақ жергілікті билік тарапынан еш әрекет жоқ. Ешкім келіп жағдайды реттеуге асығар емес", - дейді Александр Дмитриев есімді Щучинск қаласының тұрғыны. 

Тұрғындар көшелердің мен аулалардың суға кетуін осыдан бірнеше жыл бұрын салынған кәріз құбырларының сапасыз төселуімен байланыстырады. Бірақ жергілікті әкімдік судың жер асты суларының әсерінен екені сенімді. Сондай-ақ әкімдік күннің қатты суытуына байланысты жұмысты жүргізу мүмкін болмайтынын жеткізді. 

"Щучинск қаласы әкімдігінің аппаратымен табиғи жерасты суларының бірнеше көзі анықталды. Тұрақты түрде арнайы техникамен суды бұру жұмыстары жүргізілуде. Су арықтарға бұрылып аяқталмаған кәріз желілеріне құйылып суды ағызуға кедергі келтіруде. Щучинск қаласы әкімдігі Думан көшесінде болып жатқан жағдайдан хабардар. Бірақ ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты суды ағызу арнайы техникалардың қатып қалуына байланысты мүмкін болмай отыр. Жұмыс қолайлы ауа райы болғанда одан әрі жалғастырылады", - деді Щучинск қаласы әкімдігінен.