Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Аяғымды кетпенмен шауып алдым": Жұлдыз Әбдікәрімова балалық шағын еске алды

AstanaTV
11.12.2023ж. 16:57
729
"Аяғымды кетпенмен шауып алдым": Жұлдыз Әбдікәрімова балалық шағын еске алды

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бала кезін есіне алып, басынан өткен қызықты оқиғаларын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі бүгінде жұмыс бабымен Жетісай ауылына барған. Сөзінше, оны бұл елді-мекенмен жылы естеліктер байланыстырады екен. Әбдікәрімова үшін Жетісай бөтен жер емес. Ол бала кезінде Жетісайға нағашыларына келіп тұрғанын айтты. Сол кезде актрисаның басынан түрлі қызық оқиғалар өткен екен.

"Ақ алтынды Жетісайдамын. Маған бұл мекен бөтен емес. Нағышыларымның ауылы. Бала күнімде жиі келетінмін. Сол себепті ең қызық та тәтті естеліктерім осы жермен байланысты. Жетісай ауданы мақта шаруашылығымен айналысатынын білесіз ғой?! Жазы ми қайнайтын ыстық. Сол аптапта шабыққа шығатынбыз. Баланың ісі шала емес пе, екі рет аяғымды кетпенмен шауып алғаным есімде. Сол кездерді ойласам, арықтан су ішіп, күннің астында жүріп, ағаштан алманы үзіп алып, етегімізге сүртіп жіберіп жесек те ауырмайтынбыз. Балалық мекенім сонысымен тәтті, ыстық", - деп жазды Жұлдыз Instagram парақшасында.