Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Сіңлісінің баласын асырап алған": Фариза Төреәлі ел аузындағы қауесетке нүкте қойды

AstanaTV
11.12.2023ж. 17:39
835
"Сіңлісінің баласын асырап алған": Фариза Төреәлі ел аузындағы қауесетке нүкте қойды

Жақында ана атанған танымал блогер Фариза Төреәлі “баланы асырап алды” деген сұраққа жауап берді. Ол жеке парақшасына видео жүктеп, оқырманын сендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер қатерлі ісікке қарсы ота жасатқан болатын.

“Америкада жүрген кез, Диногым бізге қыдырып келді. Ай сайын тест жасаймын, Дина бар кезге тұспа-тұс келіп, жүктімін деп ойлап реакциясын түсірген сәт. Плюс белгісі шығатын тест алғам ғой, ол тестте положительно болмаса да екі сызық шығады, ал положительно болса плюс шығады. Екі сызықты көріп алып жүктімін деп қателескем ғой. Аяқ-қолдарым дірілдеп, қуанып, ертесіне бірінші Диногыма айтқандағым ғой. Қаншама жылдан бері сәби аңсан жүрген жұптарды түсінемін. Әсіресе ай сайын үміт ету, күту, болмай қалса көңілдің түсуі..
Өзің күтіп жүргенмен қоймай жекеге өтіп, жан-жақтан тоқтаусыз келетін түрлі сұрақтар қысым жасайды. Біріншіден, ондай сұрақты қоймаңыздар басқаларға. Екіншіден, егер балалы болғанын қатты қаласаңыз тек дұға жасаңыз. Ал жөнсіз сұрай беру, жекеге өту өте әдепсіздікке тіпті надандыққа жатады”, – деп түсіндірді блогер.

Блогердің айтуынша, ата-анасы ағасы Төреғалидан кейін 9 жыл күткен.

“Мені де ата-анам ағамнан кейін 9 жыл күткен, Алладан сұрап алған. Үмітті үзбеу керек, үмітсіз тек “ағузубилля” екенін ұмытпаңыздар. Алла сіздің сабырыңызды, үздіксіз дұғаларыңыз бен бәрін Оған тапсырып тәуекел етіп жүргеніңізді, жүрек түбіндегі тілегіңізді, тіл қатпай жүрген әр қалауыңызды білмейді, көрмейді, естімейді деп ойламаңыз. Осының бәрі үшін, әсіресе табанбылығыңыз үшін қаншама сауаптар жазылуда. Алла біз ойлағаннан да бізге жақын! Ол расында Әл-Уаһһаб – өте жомарт, Әс-Сәмиғ – әр нәрсені естуші, Әл-Басир – көруші, Әл-Мужиб – жауап беруші. Барлығы тек Оның қалауымен болып жатқандығын толыққанды қабылдап, сеніп, тапсыра білу керек. Себебі жапырақ та Оның қалауынсыз түспейді, әр нәрсенің есебі бар. Алла мені сынауда, ол маған бермейді деп ойламаңыз. Себебі Алла жайлы қандай ойда болсақ - Алла бізге сондай болмақ. Үміт сәулесін сыйлағым келді, сүйікті қыздарыма”, – деп жазды Фариза.

Блогердің оқырмандары жағымсыз пікірге назар аудармай өзі мен сәбиінің денсаулығын күтуге кеңес беріп жатыр.