Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодар мен Шығыс Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I форумы өтті

AstanaTV
13.12.2023ж. 20:00
377
Павлодар мен Шығыс Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының  I форумы өтті

Павлодарда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I форумы өтті. Биыл депутаттар 90-нан астам мәселе көтеріп, оның оң шешілуіне ықпал еткен. Өңірде 58 ауыл таза ауыз сумен қамтылмаған. Елдімекендерде жол, интернет және ұялы байланыс мәселелері де өзекті. Аталмыш түйіткілдерді шешу мақсатында биыл 27 жоба қолға алынды. Бұған қазынадан 15,3 млрд теңге бөлінген.

Арман РАХМАШОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Интернет жүйесінің желісінің сапасы. Соның сапасының төмен екендігі шалғай ауылдарда жоқтығы. Сосын туризмды дамыту. Өйткені, бүгінгі күні туризм тек жазғы маусыммен ғана көрсетіледі. Ал қысқы туризм сокралды туризм. Өйткені бізде қасиетті жерлер бар ғой. Оны мына көктемгі күндерде жасауға болушы еді. Басқа сондай сұрақтар көтеріліп жатыр.
Шығыс Қазақстанда жаңа екі аудан пайда болды. Марқакөл және Қатон-Қарағай. Депутаттар шекаралық аудандардың инфрақұрлымын қайта жандандыру мәселесін күн тәртібіне қойды. Қарапайым тұрмысқа лайықты жағдай жасалмаған соң әлеуметтік саланың жас мамандары өлкеге аяқ басқысы жоқ. Ал бұл елдімекендердің қаңырап бос қалуына ықпал етеді. Сондықтан дамудың жол картасына медициналық мекемелер мен мектеп салуды енгізу керек, - десті халық қалаулылары.

Бейімбет БОЛАЕВ, ҚАТОН-ҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл өңірлік форум алыста жүрген депутаттарды аудан орталығындағы, облыс орталығындағы адамдармен жақындастырып, өз сөздерін тікелей билікке жеткізуге үлкен мүмкіндіктер туғызып жатыр. Осындай форумдар жиі-жиі болып, барлық деңгейдегі депуттар бірігіп үлкен жұмыстар атқаратынына сенімдімін.