Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қызылжарда жиені пышақтаған 89 жастағы қария бақилық болды

AstanaTV
29.03.2021ж. 20:00
2301
Қызылжарда жиені пышақтаған 89 жастағы қария бақилық болды

Қызылжарда атышулы қанды оқиғадан кейін, өмір үшін күрескен 89 жастағы қария бақилық болды. Наурыздың 10-ы күні қаскөйдің пышағына ілінген зейнеткер, облыстық ауруханының жансақтау бөлімінде жатты. Тұла бойы тілімделген әжейдің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған болатын. Күрделі отадан кейін, қария есін жимаған күйі, араға үш аптадай уақыт салып көз жұмған. Ал Алматыдан келіп нағашыларын баудай қырған жиеннің ісін, полицейлер әлі  тергеп жатыр.

Марат АХМЕТБЕКОВ, СҚО ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ең алдымен қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы екінші бөлімі, адам өлтіру бойынша қозғалды. Қазір бұл іс бірінші және екінші пунктіге сай, яғни екі адамды қасақана өлтіру бабына ауыстырылды. Енді ол 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Еске салайық, жаға ұстатарлық қанды оқиға наурыздың басында Петропавлдағы коттедждердің бірінде болған еді. 30 жастағы Алматы тұрғыны өзінің Қызылжардағы туысқандарына түнде келіп, 3 адамды қан-жоса етіп пышақтап тастаған. Алған дене жарақаттырынан 48 жастағы отанасы, сол күні операция кезінде қайтыс болды. Үшінші жәбірленуші — 29 жастағы жігіт қазір әлі ауруханада жатыр. Полицейлер қаскөйді сол күні бірден құрықтады.


А. Құрманкин