Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Түркістан облысында ұстаздар оқушының көзінше бет жыртысты

Түркістан облысында ұстаздар оқушының көзінше бет жыртысты

Өртеп кетемін!.. Бұл ұлағатты мамандық иелері ұстаздардың аузынан шыққан сөз. Түркістан облысы Шардара ауданындағы мектептердің бірінде болған жағдай көпшіліктің жағасын ұстатты.

Бұл кадрлар әлеуметтік желіде тарады. Түркістан облысы Көксу ауылындағы мектеп-гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары Райгүл Мұсалиева және ағылшын тілі пәні мұғалімі Сандуғаш Жақыпова. Мектеп директорының арнамызға телефон арқылы берген сұқбатына сүйенсек, дау сағатты бөлу кезінде туған. Татуластырмақ болған әрекетінің де сәтсіз болғанын айтты. Қос мұғалім бір-бірене қол көтеруге дейін барған көрінеді. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр, деді.

Мырзабек ҚАНЫБЕКОВ, Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мектебімізге  бүгін Түркістан облысының бақылау департаменті мымандары келді, тексеріп жатыр. Мектептің мектепішілік әдеп кеңесінде де қаралды, бұл кісілердің мәселелері. Бірақ ол жерде де бір тиімді шешім шыққан жоқ. Құқық қорғау органдары тексеріп жатыр, сол кісілердің шешімін күтіп отырмыз. Соттың да шешімін күтіп отырмыз.

Мектеп директорының айтуынша орынбасары тарапынан қоқан лоққы көрдім деген үшінші тұлға бар. Барлығы бір бірінің үстінен талап арыз түсіріп отыр дейді. Айта кетейік, директордың гимназия сыныптары бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары 41 жаста. Ол бұл лауазымда 2014 жылдан бері отыр. Ал 38 жастағы ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болса, бұл мектепте 18 жылдан бері дәріс беріп келеді.

А. Төребекқызы