Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде көлік жүргізуші екі оқушыны қағып, қашып кеткен

AstanaTV
30.09.2022ж. 20:00
1636
Ақтөбеде көлік жүргізуші екі оқушыны қағып, қашып кеткен

Ақтөбеде екі оқушыны қағып,  қашып кеткен көлік жүргізушіге іздеу жарияланды. Ақ түсті көліктің иесі жолдан өтіп бара жатқан балаларды қағып өткенімен қоймай, ол жерге тастап кеткен. Сегіз және тоғыз жастағы ағайындылар  жаттығудан  үйге қайтып келе жатқан көрінеді. Екеуі де абырой болғанда, аман. Бірақ, басы, кеудесі мен аяғы жарақаттанған. Олар   жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Сағидолла ДОСМАҒАМБЕТОВ, АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жағдайына байланысты екеуін реанимацияға жатқыздық. Толығымен тексерілді.Рентген жасалды. Мамандар қарады. КТ жасалынды. Жалпы жағдайы тұрақты. Нашарлаған жоқ.

Қазір полицейлер жауапсыз жүргізушіні іздестіріп жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі таңда осы дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар автокөліктің жүргізушісін анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Б. Рақметова