Президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскелері
жабылған соң «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды.
Мұнда мемлекет басшысын штаб мүшелері, қоғам қайраткерлері мен жастар қарсы
алды. Сондай-ақ, шараға видеоконференция арқылы штабтың аймақтық филиалдары да
қосылды. Партия лидерімен қатар нұротандықтар exit-poll-дың алғашқы
қорытындыларын тікелей эфирде тыңдады. Нұрсұлтан Назарбаев сайлау әділ әрі
ашық өткенін айтып, мұны барша халықтың жеңісі деп бағалады.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
На
самом деле для меня, для всех нуротановцев радостный день, я поздравляю с нашей
большой победой в это непростое время. Спасибо нашему народу. Мы проводили
выборы открыто, честно перед всем миром.
И это очень важно. И доверие Казахстану, курсу, политическим реформам, свободе
и честности - все было показано на этих выборах перед всем человеческим
сообществом.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА