$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Андрей Цалюк: Теңге бағамы айтарлықтай нығаймайды

AstanaTV
13.12.2016ж. 20:00
2312
Андрей Цалюк: Теңге бағамы айтарлықтай нығаймайды

Теңге бағамы құлдырап, не айтарлықтай нығаймайды. Ал мұнай құны да қатты қымбаттамайды. Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк осылай деді. Оның айтуынша, ОПЕК-тің мұнай өндірісін кеміту бойынша келісімі - қуатты фактор. Алайда ол қара алтын бағасын көп көтере алмайды. Өйткені Америка Құрама Штаттарында сақталып тұрған мұнай қоры мен қатпарлы мұнай өндірісі кедергі болады, деген ойын білдірді. Андрей Цалюк теңге бағамы 330-340 доллар шамасында әлі екі айдай сақталуы мүмкін деген болжам жасады.

Андрей Цалюк, Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары:

Теңге қатты көтеріледі деп күтудің қажеті жоқ. Және бұл процесс ұзаққа бармайды. Менің ойымша, мұнай мен теңге бағамы тұрақталады. Алдағы екі айда солай болады. Қазір қандай деңгейде болса, солай қалады. Аздап төмендеп, не жоғарылауы мүмкін. Қандай да бір сандарды айту дұрыс емес. Мұнай бағасы 60-50 доллар дәліз шамасында тұрақталады.

Ал KASE-нің таңертеңгілік сессиясы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 329, ал күндізгі сессия бойынша 330-ды құрады. Ал Елордадағы айырбас орталықтарында көк қағаз 331,332 теңгеден саудаланып жатыр.