$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Өскеменде көпірдің ескі бөлігі бұзылып жатыр

AstanaTV
13.12.2016ж. 20:00
1813
Өскеменде көпірдің ескі бөлігі бұзылып жатыр

Бүгін Өскеменде көпірдің қираған бөлігін бұзу жұмыстары басталды. Бірақ бұл өткелдің не себепті опырылғаны туралы ресми ақпарат әлі күнге жоқ. Әрі кімнің сараптама жүргізетіні де белгісіз. Сондай-ақ бұған көпір тіреулерінің бірі себепкер деген ақпарат та ресми расталмады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 24 қарашада Ертіс өзеніндегі көпірдің бір бөлігі құлаған еді. Оқыс оқиғадан бір жұмысшы аяғынан жараланды. Ал бүгін көпірдің қисайған тұсына кран әкелініп, жұмысшылар темірбетон конструкцияларды бұзуға кірісті. Дегенмен, бұл жұмыстардың қандай жобамен жүргізіліп жатқаны және бұған қанша қаражат кетері де айтылар емес. Ал бұзылған көпірді зерттеп жатқан қазақстандық сәулет және құрылыс ғылыми-зерттеу институтының өкілдерінің сөзінше, құрылысшылар көпірдің техникалық жағдайын тексеру туралы өтініш түсірмеген.

Асфира Бегимханова, "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу, жобалау институты" АҚ ШҚОФ директоры:

Мердігерлер немесе тапсырыс берушілердің ешбірі бізге хабарласпады. Егер мұндай өтініш білдірсе, техникалық зерттеу жұмыстарына кірісер едік.

Сонымен қатар аталған институттың аймақтағы филиал өкілдері өңірдегі оқу орындарының сейсмикалық жағдайға беріктігін тексеріпті. Өйткені 2005 жылдан бастап облыс сейсмикалық қауіпті аймақтардың қатарына қосылған еді. Сарапшылар Күршім мен Марқакөл аудандарындағы мектептерден қауіптеніп отыр. Бұл білім ордаларының ескіргені соншалық, Асфира Бегімханова оларды сейсмикалық нығайту жұмыстарынан пайда жоқ дейді. Яғни босқа шығынданғанша, жаңа мектеп салған дұрыс, - дейді маман.

Еркін КАРИН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах