Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шымкентте бұрынғы фосфоршылар сарайындағы адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте бұрынғы фосфоршылар сарайындағы адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте фосфоршылар сарайының үшінші қабаты құлап, бір адам үйінді астында қалды. Ескі ғимараттың төбесі опырылған кезде іште үш жасөспірім болған, оның екеуі қашып үлгеріпті. Ал үшіншісінің денесін құтқарушылар арнайы техникалардың көмегімен алып шықты. Полиция депарменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қайғылы жағдайдан соң қараусыз қалған мәдениет үйінің аумағы қоршауға алынды.

Асқар ШӘРІП, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Фосфорник қараусыз қалған ғимарат болатын. Қараусыз қалуына байланысты оның барлық құрылыс жобасы, сапасы толығымен төмендегеннен кейін оған кіруге толық түрде қатаң тиым салынған болатын. Дегенмен де бізде жаңағы үш жасөспірім ол ескертулерді елемей, соның ішінде видео түсіруге, әлеуметтік желілерге өз өзін жариялау мақсатында кірген болатын. Ашу барысында мәйіттің жарты метр тереңдікте жатқаны анықталды.