$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО-да ер адам әйелі мен 20 жастағы ұлына қару кезеп қорқытқан

AstanaTV
20.12.2023ж. 11:36
1189
БҚО-да ер адам әйелі мен 20 жастағы ұлына қару кезеп қорқытқан

Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелі мен 20 жастағы ұлына қару кезеп қорқытқан, - деп хабарлайды  Polisia.kz.

Оқиға 17 желтоқсанда болған. Бөрлі ауданының полициясына әйел адам күйеуі қарумен келгенін айтқан.

Оқиға орнына келген полицейлер ер адам жергілікті дүкендердің бірінде әйелі мен 20 жастағы ұлын қорқытып тұрғанын анықтаған. Жедел-іздестіру шарасының барысында 52 жастағы ер адам ұсталды. Ол сараптама қорытындысы бойынша мас болған. 

Күдіктіден қару тәркіленді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Ерлі-зайыпты ажырасып жатқаны анықталды. 

Күдіктінің сөзінше, әйелі оның атынан бірнеше несие алып тастағандықтан осындай әрекетке барған.