Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақын Қуаныш Мақсұтовтың "Құт" атты кітабының тұсаукесері өтті

AstanaTV
20.12.2023ж. 20:00
916
Ақын Қуаныш Мақсұтовтың "Құт" атты кітабының тұсаукесері өтті

"Қазақтың Сары Тентегі" атанған ақын, бард Қуаныш Мақсұтовтың "Құт" атты кітабы жарыққа шықты. Астана қаласында жаңа туындының тұсаукесер рәсімі өтті. Заманауи жетістіктер қолданылған жаңа кітапта ақынның поэзиясы, бардтық туындылары, шансондары, авторлық әндерінің мәтіндері және көсемсөздері топтастырылған. Оқырман кітапта көрсетілген QR-код арқылы автордың музыкалық туындыларын тыңдап, ақынның жеке YouTube арнасындағы ақпараттармен таныса алады. Ақынның 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мәдени шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, елімізге белгілі ақын-жазушылар қатысты.

Қуаныш МАҚСҰТОВ, АҚЫН, БАРД, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Биыл 60 жылдық мерейтойымның аясында халқыма бір есеп бергім келді. Сөйтіп өзімнің поэзиямды, бардтық, шансондық туындыларымды, сонымен бірге мемлекеттік туралы, ұлттық болашағы туралы, заман туралы, өзімнің ой-толғамдарым, көсемсөздерімді жинастырып, халыққа есеп бергім келді. Екінші жағынан қазақтың кітап шығару жақсы дәстүрін жалғастырып, жаңа бір леп әкелгім келді.